- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдың 1 наурызынан бастап 1000 теңгелік банкноттар айналыстан шығады
2017 жылдың 1 наурызынан бастап 1000 теңгелік банкноттар айналыстан шығады
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.
«Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда – көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады», - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды. Бұл ретте Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады -
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады -
Отандық фармацевтиканың дамуы: 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері -
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады