- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 11 білім ордасы робототехника кабинетімен қамтамасыз етіледі
Жамбыл облысында 11 білім ордасы робототехника кабинетімен қамтамасыз етіледі
«Тараздағы нөмірі 54-мектеп оқушылары қолдары босай қалса, осы сыныпқа ұмтылады. Балғындар робот құрастырып, оны басқаруды үйренуде. Олар сан түрлі техника жинауға арналған арнайы құрастырмалы бөлшектермен жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
Аймақтағы 6 оқу ошағында қазір осындай үйірмелер жұмыс істеп тұр. Қызықты да қажетті іспен алыс ауылдардағы балалар да қамтылған. Одан бөлек, Тараздағы техникалық шығармашылық орталығында 100-ге тарта жеткіншек робот жасаумен айналысуда. Балалар қолымен жасалған сондай дүниелердің бірі – арба.
Оқушылар дөңгелектің орнына темір аяқ жасап, қадамдап жүретіндей қылған. Айтуларынша, сол арқылы ауыр жүктерді оңай тасып, қырға қарай шығуда қиналмауға болады. Қазір үйірме қатысушылары электронды бағдарламалар жасау ісін мықтап меңгеруге кіріскен. Ол бағдарламалар көмегімен роботтарға күрделі тапсырмалар беріп, орындату көзделуде.
Облыста мұндай үйірмелері бар мектептер санын арттыру көзделген. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыстық білім басқармасы жаңа оқу жылына кемінде 11 оқу ошағын қамтуы тиіс. Басты көңіл ауылдық жерлердегі білім нысандарына берілмекші.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері