- Басты
- Жаңалықтар
- М. Құл-Мұхаммед: өңірлердегі АЭА - заманауи өндіріс деңгейіне көшудің аса тиімді жолы
М. Құл-Мұхаммед: өңірлердегі АЭА - заманауи өндіріс деңгейіне көшудің аса тиімді жолы
Арнайы экономикалық аймақта орналасқан қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыттың жұмысшыларымен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде бастау алған Үшінші жаңғыртудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік жылдарында бизнестің аяққа тұруы мен дамуы үшін барлық жағдай жасалды. Енді оған технологиялық жаңғырту жүргізу керек» деген сөздерін еске салды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Елбасының отандық экономиканы дамыту үшін кәсіпкерліктің ерекше роль атқаратыны туралы үнемі айтатынын еске салды
"Павлодардағы арнайы экономикалық аймақ секілді алаңдар біздің экономикамыздың жаһандық бәсекелестікке қауқарлығын арттыруға бағытталған заманауи өндіріс деңгейіне көшудің аса тиімді жолы", - деп қорытынды жасады ол.
Мұхтар Құл-Мұхаммед үй құрылысы комбинатында да болды. Комбинат 80-ші жылдардан қалған ескі цехтың орнында құрылған. Өндіріс ұзақ уақыт шалажансар қалыпта тұрды. 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде зауытта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, темір мен бетоннан жасалған құрамалар мен үй құрылысында қажетті басқа да бұйымар шығарыла бастады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 80 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайды. Зауыттың потенциалы аса жоғары. Кәсіпорын басшылығы Қазақстанның үшінші жаңғыруы шеңберінде бұл секторға жаңа инвестициялар тартылып, отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады деп үміттенеді. Мұхтар Құл-Мұхаммед зауыт жұмысшыларына Елбасының жолдауында қазақстандық зауыттарды дамыту мәселесі туралы айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол заман ағымымен бірге дамып, экспортқа бағытталған өнім шығара алатын кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау кең көлемде жүргізілетінін айтты.
Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық өңірлерге нақты міндеттер жүктелгені туралы айтып, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына Мемлекет басшысының тапсырмаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алып, оларды аймақ тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндетін жүктеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары