Сенат Төрағасы БҰҰДБ Аймақтық бюросының директорын қабылдады

9 Ақпан, 2017 19:34
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша Аймақтық бюросының директоры, БҰҰ-ның ЭКСПО-2017 жөніндегі Бас комиссары Джихан Султаноглун қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат басшысы сапар аясында БҰҰ-ның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы жөніндегі шартқа қол қойылуына қолдау білдірді.

Қ.Тоқаев көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму міндеттерін іске асыруға жәрдемдесетінін атап өтті. Жүздесушілер ЭКСПО инфрақұрылымдары аясында БҰҰ қамқорлығымен жасыл технология мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашу туралы пікір алмасты.

 

Барлық жаңалықтар