• Басты
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстік Африканың Ұлттық кітапхана қорына Қазақстан туралы кітаптар тапсырылды

Оңтүстік Африканың Ұлттық кітапхана қорына Қазақстан туралы кітаптар тапсырылды

9 Ақпан, 2017 18:56
Претория қаласында Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы елшісі Талғат Қалиев Оңтүстік Африка Ұлттық кітапханасының Бас директоры Роки Ралебипи-Симеламен кездесті.

Бүгінгі күні оңтүстікафрикалық кітапхана қоры 25 миллион кітаптан тұрады. Тараптар ғылыми алмасуларды дамыту қажеттігі туралы пікірге келді. ОАР ұлттық кітапхана басшысы тәжірибе алмасу және екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасау үшін делегациялардың сапарларын ұйымдастыруды ұсынды. 

Қазақстанның ОАР-дағы елшісі Оңтүстік Африканың Ұлттық кітапхана қоры үшін Президент Н. Назарбаевтың еңбектерін, еліміздің тарихы туралы кітаптарды тапсырды.    

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде кездесу барысында қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы Қазақстанның 25жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының қорытындылары туралы ақпарат бергені туралы хабарланды.

Барлық жаңалықтар