- Басты
- Жаңалықтар
- МАГАТЭ және ЯСЖТШҰ басшылығына ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медальдары табысталды (ФОТО)
МАГАТЭ және ЯСЖТШҰ басшылығына ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медальдары табысталды (ФОТО)
Қазақстанның Австриядағы Елшілігінде – Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманоны және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербоны марапаттау рәсімі өтті, олар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Қазақстан мен көрсетілген халықаралық ұйымдар арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медальдарына лайық деп танылды.
Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктерін, Қазақстан және МАГАТЭ мен ЯСЖТШҰ арасындағы тиімді ынтымақтастықты атап өтті. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамаларына ерекше назар аударылды.
Марапатталған қонақтар Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, Президент Н. Назарбаевқа олардың қызметіне берген бағасы үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
«Президент Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан ядролық таратпау және қарусыздандыру процесіне маңызды үлес қосты», - деп атап өтті Ю. Амано.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы