Грекияның Бас прокуроры Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

9 Ақпан, 2017 15:17
Қазақстанның Грекиядағы елшісі Алексей Волков Грекия Республикасының Жоғарғы сот прокуроры Ксени Димитриу-Василопулумен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Кездесу барысында  тараптар  ҚР  Бас прокуратурасы  мен  Грекияның Жоғарғы соттың бас  прокуратурасының өзара  қарым-қатынасы туралы  талқылады. Елші  К. Димитриу-Василопулуге   1991 жылы Тәуелсіздік алған соң  Қазақстан  АҚШ, Еуропа, Қытай, Үндістан, Канада  елдерімен   46 екіжақты келісімшарт  орнатқанын жеткізді.

СІМ ақпараты бойынша, 2015 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында ынтымақтастық пен келісімді кеңейту бойынша келісім шартқа қол қойылды.  Қазақстан посткеңестік елдер ішінде ЕО-мен  келісімге қол қойған алғашқы ел болып табылдаы.

Өз кезегінде К. Димитриу-Василопулу грекиялық тараптың  ҚР Бас прокуратурасы мен ГР Жоғарғы сот бас прокуратурасы арасында ынтымақтастықты  кеңейту бойынша меморандумға  қол өоюға әзір екенін айтты. 

Барлық жаңалықтар