- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетика министрі Президентке мұнай экспорты көлемінің артқанын жеткізді
Энергетика министрі Президентке мұнай экспорты көлемінің артқанын жеткізді
Мемлекет басшысына энергетика саласын дамытудың басты көрсеткіштері және осы сектордағы жобаларды одан әрі жаңғырту жоспарлары туралы баяндалды.
Кездесу барысында Елбасы энергетикалық шикізат өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру қажеттігіне назар аударды.
«Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары басталды. Теңіз кен орнының аясын кеңейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Қарашығанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Осыған байланысты мұнай өндіру және оны қайта өңдеу көлемін арттыру қажет. Бұл үшін біз мұнай өңдейтін үш зауытты қайта жаңғыртып жатырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті газ өндіру, елді газдандыру жұмыстарын жүргізудің, Балқаш жылу электр стансасының құрылысына қатысты мәселелерді шешудің, сондай-ақ энергетика саласындағы нысандарды жекешелендірудің маңыздылығын атап өтті.
Энергетика министрі энергия ресурстарын өндіру жөніндегі жоспардың жекелеген көрсеткіштер бойынша артығымен орындалғаны, сондай-ақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты артқаны туралы хабарлады.
«Мұнайды өндіру жоспары 75,5 миллион тонна болса, өндірілген мұнайдың нақты көлемі 78 миллион тоннаға жетті. Қашағандағы мұнай өндірісі есебінен жоспардың артығымен орындалғаны байқалады, онда былтыр 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды. Мұнай экспортын 62 миллион тоннаға дейін арттырдық, оның 40 миллион тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданды. Мемлекет қолдауының арқасында алғаш рет 325 мың тонна битум қайта өңделді. Сұйық газ өндірісінің көлемі 136 тоннаға артты», – деді Қ.Бозымбаев.
Сонымен бірге Энергетика министрі Мемлекет басшысына өндірушілер мен трейдерлер арасындағы келісім нәтижесінде автожүргізушілер қажеттілігі үшін жеткізілетін сұйық газ көлемін арттыру, электр энергиясын экспорттау жағдайы, геологиялық барлау жұмыстарын күшейту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ тұтыну нарығындағы күрделі конъюнктураға байланысты уран өндіру көлемін азайту преспективалары туралы баяндады.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Энергетика саласы: Электp энеpгиясын өндipу, технологиялық бұзушылықтар және оның себептері -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары