• Басты
  • Б.Қуандықов мереке күндері тауар бағаларын бақылауда ұстауды тапсырды
13 Желтоқсан, 2013 17:23

Б.Қуандықов мереке күндері тауар бағаларын бақылауда ұстауды тапсырды

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Б.Қуандықов ішкі және сыртқы нарыққта баға жағдайларына мониторинг бойынша жұмыс тобының отырысында әкімдіктерге мереке қарсаңында тауарлар бағасының күрт өсіміне жол бермеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Б.Қуандықов мереке күндері тауар бағаларын бақылауда ұстауды тапсырды

«Жұмыс тобы жетекшісі Б.Қуандықов Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында тауар бағаларын бақылауға ерекше мән берді», - делінген хабарламада.

Осыған орай жергілікті атқарушы органдар тарапынан мереке күндері тұтыну тауарларына бағаның күрт өсіп кетпеуіне жол бермеу үшін жедел шараларды қолға алу керектігі тапсырылды.

Сонымен қатар, отырыс барысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің бағасын болжау әдістемесін дайындау ұсынылды. Оның құрамына ауыл шаруашылығы министрлігі, транспорт және коммуникация министрлігі, бәсекелестікті қорғау мен статистика агенттігі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен «ҚазАгроМаркетинг» ҰБХ» АҚ өкілдері кіру керектігі айтылды.

Бұдан бөлек Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне жергілікті әкімдіктермен бірігіп сауда алаңдары, тауар тапшылық етіп отырған өңірлер жайлы мәліметтер дайындалып, нәтижесінде Үкіметке облыс орталықтары мен қалаларда көтерме сауда орындарын ашу тапсырылды.

Барлық жаңалықтар