2017 жылы ЕАЭО-дағы сүт өндірісі 1 млн тоннаға ұлғаймақ

9 Ақпан, 2017 13:48
2017 жылы ЕАЭО-дағы сүт өндірісі 1 млн тоннаға ұлғаяды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский Сүт өндірушілер ұлттық одағының (Сүт одағы) VIII съезінің отырысында.

С. Сидорский Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сүт нарығының жай-күйін бағалап, одақ мемлекеттері сүт саласының өнімділігін арттыру бойынша шаралар ұсынды.

Министр сүт саласының даму қорытындылары туралы айта келе, 2016 жылы ЕАЭО елдері 45,4 млн тонна сүт өндіргенін атап өтті. Осы ретте, оның айтуы бойынша, Қазақстанда сүт қажеттігі 90% жабық.

«Біздің есептеулеріміз бойынша, импортты алмастырудан болатын әсер сүт бойынша 1 млрд долларға жуық құрады. Жалпы одақ бойынша биылғы жылы сүт өндірісінің 46,5 млн тоннаға дейін өсуі, өзара сауданың 5 млн тоннаға дейін ұлғаюы және үшінші елдерден импорттың 3,2 млн тоннаға дейін қысқаруы болжануда», – деді ЕЭК министрі.

С. Сидорский агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласында бірлескен зерттеулер жүргізу үшін болашақ жобалар тізілімі қалыптастырылғанын хабарлады. Сүт саласындағы өнімділікті арттыру мақсатында алдағы бірнеше жыл ішінде үйлестірілген тамақтандыру рациондарын және ветеринариялық препараттар әзірлеуге күш салуды біріктіру, сондай-ақ бірыңғай бағдарламаларды іске асыру және селекцияларға инновациялық технологияларды енгізу үшін жұмысты үйлестіруді қамтамасыз ету орынды.

Сондай-ақ ЕЭК министрі еуразиялық кеңістікте салалық мүдделерді қорғау мақсатында бизнестің бірыңғай позициясын әзірлеу үшін келіссөздер алаңына айналатын сүт өндірушілер еуразиялық қауымдастығын құруды ұсынды.

«АӨК дамытудың ұлттық бағдарламаларында ауқымды міндеттер қойылады. Оларды «бестіктің» ауыл шаруашылығы министрлерінің деңгейінде кездесе отырып, бірлесіп шешу пайдалы әрі тиімді болар еді», – деп қорытындылады С. Сидорский.

Барлық жаңалықтар