• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазконтент» порталдарының оқырмандары жыл сайын артып келеді – Шарапиев

«Қазконтент» порталдарының оқырмандары жыл сайын артып келеді – Шарапиев

9 Ақпан, 2017 11:54
«Қазконтенттің» сегіз порталының оқырмандары жыл сайын өсіп келеді. Өткен жылы ол 50 млн адамнан асқан. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Шыңғыс Шарапиев хабарлады.

«Өткен жылы мемлекеттік интернет-ресурстарға нысаналы аудиториялардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін ескере отырып кешенді трансформациялау міндеті қойылған болатын. «Қазконтент» АҚ 2016 жыл ішінде өз жұмысын 100% орындады», – деді Ш. Шарапиев.

 «Қазконтент» басшысы қоғамның алты порталын трансформациялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.  

«Ең алдымен, BNews.kz порталы дизайнын және ақпарат беруін сараптамалық-талдау жағына қарай толық өзгертті. Жалпы «Қазконтенттің» сегіз порталы бойынша оқырмандар саны жыл сайын өсіп келеді, аудитория 28,2 млн астам пайдаланушыны қамтиды, өткен жылғы оқырмандар саны 50 млн адамнан асқан болатын», – деп қосты Ш. Шарапиев.

Қайрат Жандыбаев

Сурет Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар