- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік сериалдармен салыстырғанда отандық сериалдардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажет - Абаев
Шетелдік сериалдармен салыстырғанда отандық сериалдардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажет - Абаев
«Біз жүргізген социологиялық сұрауларға сәйкес, жарнаманың тым көп болуы, өңірлік контенттің жоқтығы, Қазақстан туралы танымдық телебағдарламалардың жетіспеушілігі және қазақстандық телеарналарда кәсіби журналистер деңгейінің төмендігі халық наразылығын туғызатыны анықталды. Біздің телеарналарға осы жайында ойланып, қажетті іс-шаралар жүргізу қажет», - деді Д.Абаев.
Министр хабарлағандай, 2017 жылы жүргізіліп жатқан, әсіресе коммерциялық телеарналардағы сериалдық өнім санын арттыру жоспарлануда.
«Сериалдар негізінде кино прокаты қызметін іске асыру үшін толық метражды киноленталар жасалатын болады. Сондай-ақ, KPI жүйесін енгізу арқылы телерадиоарналардың қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіптілігін арттыру, персоналды конкурстық іріктеуді жетілдіру және кадрлар резервін қалыптастыру талап етіледі», - деп хабарлады Д.Абаев.
Сондай-ақ, ол наурызда «Ел арна» телеарнасы өз жұмысын бастайтынын еске салды.
«Ресурс қазақстандық көркем және деректі фильмдерді, сериалдарды көрсетеді. Жоба отандық кинематографты дамытуға, жаңадан бастаған режиссерлер мен тәуелсіз киностудияларды қолдауға, сондай-ақ халық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған», - деді Д.Абаев.
Министр еліміздің шекара маңы аймақтарында мемлекеттік радиоарналардың жұмыс істеу сапасы және қамтылу аймағы ұлғайтылатынын атап өтті.
«Биылғы жылы цифрлық эфирлік телехабарландыруды енгізу аясында 244 радиотелевизиялық станция салынып, пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін Қазақстанның кейбір облыстарында цифрлық хабарландыруға толық көшу жоспарланған. Ақпарат комитеті БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментімен бірлесіп, осы іс-шаралардың сапалы орындалуын бақылауға алуы қажет», - деп қорытындылады Д.Абаев.
Қайрат Жандыбаев
Сурет Бауыржан Жуасбаев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет