• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО қатарына қосылу аясында техникалық көмек көрсетеді (ФОТО)

Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО қатарына қосылу аясында техникалық көмек көрсетеді (ФОТО)

9 Ақпан, 2017 12:34
Қазақстан Қырғызстанның ЕАЭО қатарына қосылу аясында «Жол картасы» қарастыруымен шаралары қаржыландыру үшін 100 млн доллар сомасында техникалық көмек көрсетуге дайын, деді СІМ-де өткен брифинг барысында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Айымдос Бозжігітов.

А.Бозжігітова  қазақстандық-қырғызстандық ынтымақтастықты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салада  дамытудың міндеттері туралы айтып өтті.  Елші айтып өткендей,  Қазақстан мен Қырғызстан  екі ел басшыларының тығыз қарым-қатынасының нәтижесінде  жаңа деңгейге шықты.

«Қазақстан  Қырғызстанның сауда-экономикалық және  инвестициялық басты серіктесі болып табылдаы.  2016 жылдың  11 айының  нәтижесі бойынша  өзара сауда айналымы  1,2 пайызға артып,  746,6 млн долларды құрады.  Қырғызстанда  тиімді  түрде  300 қазақ-қырғыз кәсіпорны  жұмыс істеуде», - деді А.Бозжігітов.

Елші айтып өткендей, қазіргі таңда  Қырғызстанда  35 мың  этникалық қазақ пен  2 мың қазақстандық  студент өмір сүріп жатыр. Олар екі ел арасындағы «достық көпірі» болып отыр.

А.Бозжігітов айтып өткендей, Қазақстан  Қырғызстанның ЕАЭО қатарына қосылу аясында  «Жол картасы» қарастыруымен  шаралары қаржыландыру үшін  100 млн доллар  сомасында техникалық көмек  көрсетуге дайын.

Барлық жаңалықтар