Қазақстанда 2016 жылы интернет қолданушыларының саны 70 пайыздан артты

9 Ақпан, 2017 10:47
2016 жылы қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру қорытындысында интернет қолданушыларының саны 72,9 пайызға жетті. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникация министрлігінің кеңейтілген отырысында айтты.

«2016 жылы қазіргі заманғы  телекоммуникациялық инфрақұрылымды  құру қорытындысында  интернет қолданушыларының  саны  72,9 пайызға жетті. Ол Қазақстанды Жаһандық бәсекелестіктің  индексі  рейтингісінде  41-ші орынға шығарды», - деді Д.Абаев.

Ол айтып өткендей,  3G желілері   4G белсенді дамып жатыр.

«Белсенді түрде 3G  және  4G желілері дамуда.  Олардың саны  14,2 млн-ға жетті. 2017 жылдың соңына таман 4G желісімен барлық аудан орталықтарын  қамту жоспарланып отыр.  2016 жылы  республикалық бюджетке  72 млрд теңге радиожиілік  саласы бойынша кіріс түсті», - деді Д.Абаев.

Ол айтып өткендей,   қала мен ауыл арасындағы  «цифрлық теңсіздікті» төмендету мақсатында  Министрлік  2020 жылға дейін МЖӘ  аясында  2 млн тұратын  3 мың ауылды  оптикалық-талшықты байланыс желісімен  қамтуды жоспарлап  отыр.

Қайрат Жандыбаев

Сурет: Бауыржан Жуасбаев 

Барлық жаңалықтар