- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АКМ 2016 жылы жүргізілген жаңартудың қорытындысын жасады
ҚР АКМ 2016 жылы жүргізілген жаңартудың қорытындысын жасады
«Өткен жылы мемлекеттік телеарналар жаңартылды, «Kazakh TV» және «Білім және мәдениет» арналары «Kazakh TV» ортақ брендімен біріктірілді. «24.kz» телеарнасының ребрендингі жүргізілді, оның тұжырымдамасы мен хабарландыру желісі қайта қаралды. «Каzsport» телеарнасы хабарландыруды НD форматында бастады. «Қазақстан» РТРК өңірлік желісінің жұмысы күшейтілді – контентті толтыру процесі орталықтандырылды, хабарландырудың жаңа форматтары енгізілді, өңірлік телестудияларды техникалық жаңарту жоспарлануда. Мемлекеттік телеарналардың жұмыс сапасын арттыру және олардың хабарландыруын қамтуды кеңейту үшін «Ұлттық радио» ЖШС құрылды, – деді Д. Абаев.
Сондай-ақ министр баспа БАҚ туралы да айтып өтті.
«Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінің редизайны жасалды. Енді олар толық түсті форматта шығады, газеттердің жолақтылығы өзгертілді, олардың сайттары жаңартылды», – деп хабарлады Д. Абаев.
ҚР АКМ басшысы интернет-ресурстарға жеке тоқталып, нысаналы аудиториялардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін ескере отырып, кешенді трансформация жүргізілгенін атап өтті.
«Қазинформ» ақпараттық агенттігі еліміздің ең көп талап етілетін жаңалықтар интернет-ресурстарына кірді. «Казконтент» акционерлік қоғамы қоғамның алты форматын трансформациялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Ең алдымен, «Вnews.kz» порталы дизайнын және ақпарат беруді сараптамалық-талдау жағына қарай толық өзгертті», – деп қосты Д. Абаев.
Қайрат Жандыбаев
Сурет Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Абай жылының айшықты тұстары