- Басты
- Жаңалықтар
- Хромтауда Мәдениет үйі салынады
Хромтауда Мәдениет үйі салынады
Жиынды аша отырып облыс әкімі компанияның тұтастай дерлік 2016 жылы алға қойылған міндеттерді орындап шыққанын атап көрсетті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Әрбір адам үшін тұрақты жұмыс пен тұрақты еңбекақының болуы маңызды. Бұл шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеуі тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде бірқатар тапсырмалар берді. Негізгі тапсырмалардың бірі – 2017 жылдың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері 2016 жылғы деңгейден төмен болмауы тиіс. Мен «Восход-Oriel» ЖШС-нің 2017 жылы қандай жағдайда да өндірістік көрсеткіштерді төмендетуге жол бермеуі тиістігіне сіздердің назарларыңызды аударғым келеді», - деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.
ЖШС Бас директоры Серік Ибатов 2016 жылы еңбекақы төлеуден кідіріс болмағанын, ал 2017 жылдың қаңтар айынан еңбекақының мөлшері 10 10%-ға өскенін хабарлады. Алайда, компанияда хром кенін өндіру мен хромды концентрат өндірісінде төмендеуге жол берілген, тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде жергілікті құрам мөлшері азайған.
Жиын қорытындысында облыс әкімі кәсіпорын басшылығы алдына бірқатар міндеттер қойды, соның ең бастысы – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жақында жариялаған Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды ескере отырып, бәсекеге қабілетті өнім өндірісі көлемін арттыру, инновация мен жаңа технологияны енгізу, еңбек өнімділігін көтеру, қазақстандық құрамды молайту, жұмыс орны мен еңбекақының қысқаруына жол бермеу.
Бердібек Сапарбаев кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыруға қатысуының маңыздылығын атап көрсетті. Жиын барысында «Восход-Oriel» ЖШС бас директоры Серик Ибатов Хромтау қаласында Мәдениет үйін тұрғызуға уәде берді. Жобаны жүзеге асыру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында биылғы жылы басталатын болды.
Жиын қорытындысында облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылығы және аумақтық кәсіподақ бірлестігі арасында еңбек қатынастарын реттеу және жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелерінде алдағы уақыттағы келісілген іс-әрекеттер мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осы күні аймақ басшысы «Орыс мыс компаниясы» жабық акционерлік қоғамы холдингі құрылымына енетін «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС және «Коппер Технолоджи» ЖШС-ларында өткен осындай жиындарға қатысты.
Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев компания басшылығы назарын 2016жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларында және мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі принципі бойынша қандай да бір жобалардың жүзеге аспағанына аударды. Бұл мәселені талқылау үстінде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Хромтау қаласында заманауи спорт кешенін салып беретін болып келісімге келді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Өзгерген әлемдегі құндылықтар бәйгесі -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Мәдениет министрі әлеуметтік желіде дінді насихаттайтын «жұлдыздарға» қатысты пікір білдірді -
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды