• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 5 жоба іске асырылады

Жамбыл облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 5 жоба іске асырылады

9 Ақпан, 2017 09:36
2016 жылы «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 7 жобаны іске асыруға 3,3 млрд. теңге қарастырылды.

2017 жылы аталмыш бағыт шеңберінде 2,4 млрд.теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:

- Байзақ ауданы Байзақ ауылындағы 300 оқушыға орта мектеп құрылысын салу" – 535 908 мың теңге;

- Тараз қаласы Шөлдала  алқабындағы 900 орынға арналған орта мектеп құрылысы – 813 980 мың теңге (кейінге қалдыру шартымен);

- Тараз қаласы  300 орынға арналған №24 гимназиясының қосымша құрылысы – 537 500 мың теңге (кейінге қалдыру шартымен).

- Меркі ауданы Сарымолдаев ауылы Т.Қожакеев көшесі №1 мекен жайға 600 оқушыға арналған Савва атындағы №9 орта мектебінің құрылысын салу" – 226 318 мың теңге;

- Тараз қаласы "Салтанат" мөлтек ауданында 1000 оқушыға арналған №30 орта мектебінің құрылысын салу" – 256 583 мың теңге;

Аталған жобалардың соңғы 2 жобасы 2016 жылдан өтпелі болып табылады. 2 жоба кейінге қалдыру шартымен іске асырылады.

Барлық жаңалықтар