- Басты
- Жаңалықтар
- Астана инфрақұрылымын жақсарту үшін 15 арнайы жоба ұсынылды
Астана инфрақұрылымын жақсарту үшін 15 арнайы жоба ұсынылды
«Бүгін Астана қаласының даму жоспарын сарапшылар назарына ұсынып жатырмыз. Жиында кеңес құрамындағы азаматтар өздерінің қаланы дамыту туралы өз жобаларын ұсынуда. Солардың арасында шамамен 15 жоба үздік болып отыр»,- деді ол.
Бұлар әр түрлі бағыттағы ұсыныстар. Ішінде әлеуметтік, қызмет көрсету, медицина, туризм секілді түрлі саланы қамтитын жобалар бар. Шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты жобалар да аз емес. Жақын күндері әкімдікте барлық жобалар қаралып үздіктері бағдарламаға енгізіледі.
«Бұл өз кезегінде қаламыздың дамып әлемдік деңгейдегі мегаполистер қатарынан көрінуге мүмкіндік береді. Келіп түскен ұсыныстар негізінде қаланың бас жоспары бекітіледі. Ал әкімдік оларға қажетті қаржы, жер телімдері секілді көмектер көрсетеді», - дейді Астана қалалық шешімдер бюросының басшысы Дәурен Қайсаров.
Астана қаласын дамыту жөніндегі кеңес осы жылдың басында елорда әкімдігінің жанында құрылған болатын. Оған шамамен 60-қа жуық адам мүше болып отыр. Олардың арасында білікті сәулетшілер, қоғам қайраткерлері мен шетелдік сарапшылар бар.
Астана қаласын дамыту жөніндегі бұл кеңеске Астана әкімі Әсет Исекешевтің өзі келіп қатысты. Өз кезегінде қала әкімі кеңес мүшелері ұсынған идеялардың барлығы да қолдауға лайық жобалар екендігін әрі осындай бастамалардың арқасында елордамыздағы біршама шаруа атқарылып жатқанын атап өтті.
«Қазіргі таңда экологиялық теріс антропогендік әсерді азайту мақсатында қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізудің кешенді жүйесі құрылуда. Сонымен қатар, коммуналдық автокөлік құралдары газға көшіріліп жатыр», - деп атап өтті қала әкімі Әсет Исекешев.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру