- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР үшінші жаңғыруы адами ресурстардың күрделі дамуын талап етеді – депутат
ҚР үшінші жаңғыруы адами ресурстардың күрделі дамуын талап етеді – депутат
Ж. Нұрманбетова әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты, білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамалық идеясы Жолдаудың барлық басымдықтарынан өтетінін атап өтті.
«Мемлекет басшысының Жолдауы білім беру саласын экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыруға шақырады. Жоғары бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін халықтың білімі мен кәсіптік даярлығының деңгейі негізгі рөл атқарады. Осы маңызды әлеуметтік салада жақсартулар болмайынша, одан әрі даму мүмкін емес», – деді Ж. Нұрманбетова.
Депутаттың пікіріне сәйкес, әлемдегі жағдай күн сайын өзгеріп отырады. Жаңа жаһандық шындық кәсіптік даярлық деңгейіне жаңа талаптар қояды. Бизнес ортаның түбегейлі жақсаруы мен кеңеюі де білім беру жүйесіне тікелей байланысты.
«Біз экономикалық дамыған елдер жоғары жетістіктерге халық білімінің жоғары деңгейі есебінен қол жеткізгенін білеміз. Дамыған елдерде экономикалық белсенді азаматтардың 50%-дан астамы интеллектуалдық еңбекпен айналысады, ал жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіш 80%-дан артық», – деп атап өтті Ж. Нұрманбетова.
Еске сала кетейік, Астанада Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Парламенті депутаттарының, жоо басшыларының, білім беру саласындағы менеджерлердің қатысуымен Президенттің Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Әмина Сатыбалдинова
Сурет Арман Мұқатов
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы