Астана «шетсіз» қалаға айналады – Исекешев

8 Ақпан, 2017 17:26
Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Астана әрқайсысы 10 мың адамнан тұратын 129 секторға бөлінеді, деп хабарлады Астана әкімі Әсет Исекешев астананы тұрақты дамыту жөніндегі кеңес отырысында.

«Астана қолайлы әрі тартымды, «шетсіз» қалаға айналады. Қаланың шетіндегі аудандар алшақ орналасуына қарамастан, қолайлы әрі тиімді аумақтар болуы тиіс», – деді Ә. Исекешев.

Әкімнің айтуы бойынша, астана тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, экология, қауіпсіздік салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету деңгейін арттыру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.

«Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету алғашқы міндеттердің бірі болып табылады. Қала әрқайсысында 10 мың адамнан тұратын 129 секторға бөлінеді, олардың әрқайсысында кемінде 32 әлеуметтік стандарт – мектептер, балабақшалар, саябақтар, спорт алаңдары, емханалар қарастырылатын болады», – деді елорда әкімі.

Ә. Исекешев айтқандай, ол үшін әкімдіктің жанынан Тұрақты даму жөніндегі кеңес құрылған, ол бастамаларды іске асыру барысын қадағалап, қала қоғамымен қарым-қатынасты қамтамасыз ететін болады.

Сурет Арман Мұқатов

Барлық жаңалықтар