ЕЭК ЕАЭО-ның Кеден кодексіне қосымша базалық шешімдер әзірлеуде

8 Ақпан, 2017 19:12
Барлығы 26 норманы әзірлеу болжануда, олар ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартта жоғары ұлттық деңгейге жатқызылған.

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономиалық одақ (ЕАЭО) елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдерімен бірлесіп, бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге кірісті.  

«Енгізілетін жаңалықтар одақтың жаңа Кеден кодексімен бір мезгілде күшіне енеді. Базада 26 норма қамтылады, олар ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартта жоғары ұлттық деңгейге жатқызылған. Олар іске асырылмайынша, кодекс толық күшіне ене алмайды», – деп хабарлады ЕЭК кеден ынтымақтастығы жөніндегі министрі Мұқай Қадырқұлов Мәскеуде өткен «ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексін қолдану тұрғысында кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері» атты конференция барысында.

ЕЭК хабарлағандай, қабылданған шешімдердің жобалары 13 ақпаннан бастап комиссияның ресми парағында көпшіліктің талқылауына шығарылады. Осы ретте құжаттарды талқылау мерзімі қысқартылады.  

Барлық жаңалықтар