- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 қоғамдық тамақтану орындары 75 пайызға қамтылды
ЭКСПО-2017 қоғамдық тамақтану орындары 75 пайызға қамтылды
«Халықаралық ЭКСПО көрмесі энергияның баламалы түрін сынау бойынша ғана ауқымды емес, сонымен қатар, қазақстандық бизнес үшін де үлкен мүмкіндік. ЭКСПО арқылы елдегі шағын және орта бизнесті жандандыра түсу керектігін Елбасы арнайы тапсырған болатын» - дейді Дәурен Еркенбаев.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 коммерциаландыру департаментінің директоры Дәулет Еркенбаевтың айтуына қарағанда қазіргі уақытта қоғамдық тамақтану орындардың 75 пайызы дайын. Дегенмен 2016 жылдың соңында жарияланған байқау жалғасуда
«Біз қоғамдық томақтану алаңын құру үшін 10 мың шаршы метр жер бөлдік, бұл әртүрлі баға бойынша 40 тамақтану орны. Тек мейрамхана, бар, кофеханалар ғана емес, әр елдің, әр ұлттың өзінің ұлттық асханаларына арналған алаңқайлар болады», - деді директор.
Дәулет Еркенбаев атап өткендей, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі – отандық бизнес-қауымдастықтың дамуына таптырмас мүмкіндік болмақшы.
«Көрме арқылы біз елдің жан-жақтылығын көрсеткіміз келеді. Бұл бизнес қауымдастықтың бірегей мүмкіндігі, себебі 93 күн бойы 5 млн адам мен ұйымдастырушылар ағыны болады», - деді ол.
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев