- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин: Елбасының стратегиялық бағыты халықтың қолдауына ие болды
Н. Нығматулин: Елбасының стратегиялық бағыты халықтың қолдауына ие болды
Кездесуде Мәжіліс Спикері Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Үндеуі мен биылғы дәстүрлі Жолдауына айрықша көңіл бөліп, болашақ маңызды міндеттерді түсіндірді.
«Хильниченко и К» коммандиттік серіктестігі - 567 шаруашылықтың басын қосып отырған ірі қожалық. Иелігіндегі 39 мың га жердің 37 мыңын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланады. Қант қызылшасын өсіруге ерекше ден қойған шаруашылық биыл 333 га жерге аталған көкөніс түрін еккен.
Н. Нығматулин Жолдаудың аграрлық секторды қолдауға серпін беретінін айтып, осы жолдағы басым бағыттарға тоқталды.
Ал, ауыл халқымен жүздесуде Жолдаумен бірге, саяси жүйені реформалау мәселесіне де көңіл бөлген Палата Спикері ең әуелі тиімді президенттік басқарудың арқасында 25 жыл ішінде жеткен толағай табыстарға тоқталды. Ол жүйе Қазақстанды барлық қиындықтардан аман алып шығып, әлем таныған әйгілі мемлекетке айналдырды.
Ал, жаңа реформа осы даму жолымыздың заңды жалғасы бола отырып, елді басқарудың жаңа талаптарға төтеп бере алатын, тиімді, тұрақты, заманауи жүйесін құруды қамтамасыз етпек.
Кездесу барысында ауыл халқын толғандырған әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалмады.
Бұл тақырып Мәжіліс Төрағасының аудандық емхана өкілдерімен кездесуінде де әңгіме өзегіне айналды.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси реформаға арналған Үндеуі және биылғы тарихи Жолдауы Алматы облысында да үлкен қолдауға ие болды. Осы кездесулер біздің Президентіміздің жаңа даму бағыттары халқымызға ерекше серпін беретінін дәлелдейді. Осы қолдау, осы сенім алдағы биік мақсаттарға жетудің басты кепілі екені сөзсіз»,-деді Алматы облысына сапары турасында Н. Нығматулин.
Мәжіліс Спикері атап өткендей, Елбасының барлық бастамалары қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, басқару тиімділігін арттыруға, ұзақмерзімді экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғанын сайлаушылар жете түсінеді, сондықтан бүкілхалықтық қолдауға ие болуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады