- Басты
- Жаңалықтар
- Әкімдерді сайлаудың басқа моделіне көшу оң нәтиже береді – сарапшы (ВИДЕО)
Әкімдерді сайлаудың басқа моделіне көшу оң нәтиже береді – сарапшы (ВИДЕО)
«Осы бөлімге өзгерістер енгізу ұсынылғаны белгілі. Баптардың бірі әкімдердің сайлануына қатысты, ол заң деңгейінде реттелетін болады», - деді М. Ғабдуәлиев.
Конституцияшының айтуы бойынша, Президенттің сөйлеген сөздерінің бірінде ауыл әкімдерін сайлаудың жаңа моделіне көшуге қатысты мәселені қарастыру туралы айтылады.
«Қазіргі уақытта біз ауыл әкімдерін аудан мәслихаттары сайлайтынын, ал аудан мәслихаттарына үміткерлерді жоғары тұрған аудан әкімі ұсынатынын білеміз, яғни өзін-өзі ұсыну деген түсінік жоқ. Сондықтан, Президент ауыл әкімдерін сайлаудың басқа моделіне көшу қажеттігі туралы айтқан кезде біз жанама сайлау туралы емес, тікелей сайлау туралы айтамыз және ол жақсы идея», - деп атап өтті М. Ғабдуәлиев.
Сондай-ақ, ол барлық деңгейдегі әкімдерді сайлаудың болуын жақтайтынын да айтып өтті.
Сонымен қатар, ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін Конституциялық заңмен реттеу туралы идеяны қолдайтынын да айтты.
«Бізге жергілікті өзін-өзі басқару туралы конституциялық заң қабылдау қажет. Себебі республикалық референдум сияқты сайлауда да халық жергілікті басқаруға, жергілікті қоғам жұмыстарына қатысады және бұл шын мәнінде демократия нысандарының бірі болып табылады. Осы мәнмәтінде бізге азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару жұмыстарын басқаруға қатысу механизмдері жазылатын ерекше заң қажет», - деді М. Ғабдуәлиев.
Сарапшының пікірі бойынша, жергілікті өзін-өзі басқару бұл кез келген демократияның бас-аяғы болып табылады.
«Президент Үкімет отырысында Астанада отырып, ауылдағы емхананы басқару мүмкін емес деп дұрыс айтқан болатын. Алайда, нақты өзін-өзі басқару институты болған кезде ол Президентке, Үкіметке жергілікті билікті басқару кезінде көмекші болады. Ол үшін механизм керек, онсыз мүмкін емес», - деп қорытындылады сарапшы.
Қайрат Жандыбаев
Видео Кенжетай Ақсейітов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады