- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сағадиев Елбасына білім жүйесіндегі реформаларды жеткізді
Е.Сағадиев Елбасына білім жүйесіндегі реформаларды жеткізді
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым жүйесінің алдағы реформаларды, Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті.
«Біз ел ішінде де, шетелдік оқу орындары қабырғасында да кадрлар даярлау ісі бойынша ауқымды жұмыстар жүргіздік. Үш тілде білім беруге, цифрлық оқыту әдісіне көшіп жатырмыз. Білім және ғылым министрлігі алдында бұл саланы одан әрі дамытуға байланысты зор міндеттер тұр. Қажетті адам ресурстарынсыз жолдауда алға қойылған міндеттерді орындау, соның ішінде технологиялық жаңғыруды жүзеге асыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мүмкін емес», – деді Қазақстан Президенті.
Е.Сағадиев Мемлекет басшысына білім берудің жаңартылған мазмұндағы форматын енгізуге, бес күндік оқу аптасына көшуге, базалық оқулықтар әзірлеуге қатысты министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы баяндады.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесінде іске асырылып жатқан өзгерістердің нәтижелерін атап өтіп, оларды ақпараттық тұрғыдан қолдау мәселелеріне, сондай-ақ қойылған міндеттердің іске асырылу қажеттігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар тапсырма берді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді