Ауыл шаруашылығы заңнамасын оңайлату қажет – сарапшы (ВИДЕО)

8 Ақпан, 2017 15:46
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығын, астық нарығын дамыту қажеттігін атап өтті. Осы салада фермерлердің заңдарды қабылдауы мен түсінуінде қиындықтар туғызатын көптеген заңдар мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер бар. Осы тақырып бойынша өзінің сараптамалық пікірін заң ғылымдарының кандидаты, конституцияшы, ҚР ӘМ заңнама институты конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Мереке Ғабдуәлиев Strategy 2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында айтты.

«Заңгер ретінде елімізде ауыл шаруашылығы саласында келесі заңдардың бар екенін айта аламын: ауыл аумақтарының агроөнеркәсіп кешендерін дамыту туралы заң, астық туралы, өсімдіктерді қорғау туралы, өсімдіктер карантині туралы, тұқым өсіру туралы, омарташылық туралы тағы басқа да заңдар бар. Осы заңдардың барлығы бойынша заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер де бар. Ауылда тұратын фермер осылардың барлығын қалай білуі керек, оған барлығы қарапайым, түсінікті болып, қандай да бір тосқауылдардың болмағаны дұрыс», – деді заңгер.

Оның айтуы бойынша, бізде аралас қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін көптеген нормативтік-құқықтық актілер болған кезде қарама-қайшылықтар да туындайды, ал бұл сыбайлас жемқорлыққа әкеледі.

«Шын мәнінде, мұндай нормаларда сыбайлас жемқорлық әлеуеті орын алады. Осыған қатысты біз заңнама ревизиясын жүргізуіміз қажет, оны дамытып, құқықтық мониторинг институты арқылы қарама-қайшылықтарды анықтау керек», – деп қорытындылады сарапшы.

Қайрат Жандыбаев

Видео Кенжетай Ақсейітов

Барлық жаңалықтар