Қарағанды облысында бизнесті қолдауға 4 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

8 Ақпан, 2017 14:56
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кәсіпкерлермен стратегиялық міндеттерді шешуде билік пен бизнестің бірігуін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуге аймақтық Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, прокуратура өкілдері, облыс әкімінің орынбасары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

«Облыста 85-тен артық кәсіпкерлік субъектісі бар. Шағын және орта бизнес саласында өндіріс көлемдері жыл сайын артып келеді», – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы - 2010» бірыңғай бағдарламасы республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен 262 жобаға 26,6 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Бағдарламаның жалпы портфелі 128,2 млрд теңге мөлшерінде 1150 жобаны құрайды. Бұл республика бойынша бесінші нәтиже.

Жұмыспен қамту жол картасы мен Бизнестің жол картасы бойынша 2016 жылы кәсіпкерлер өз істерін дамыту үшін 1,9 млрд теңге көлемінде 698 шағын несие алды.

Кездесу барысында 2017 жылы облыста бизнесті қолдауға 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгені мәлім болды. 700 артық кәсіпкерге шағын несиелер беріледі. Сонымен қатар, биыл шағын және орта бизнесті жеңілдікті несиелеудің жаңа өңірлік бағдарламасы басталады.

Аймақ басшысы кездесуде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесін көтерді. Бұл тұрғыда позицияларды күшейту керек, дейді Нұрмұхамбет Әбдібеков. Облыс әкімі бизнесмендерді республикамыздың өзге аймақтарының сәтті тәжірибелерін зерттеп, МЖӘ механизмінің кідіруінің себептерін бірлесе талдауға шақырды.

«МЖӘ дамыту мәселелерін жүйелі түрде қарау керек», – дейді аймақ басшысы. Ол бизнесті конструктивті ынтымақтастыққа шақырды.

Кездесуде Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов баяндама жасады. Ол бизнес тап болатын проблемаларға тоқталды.

Кәсіпкерлер құқық қорғау органдарымен және соттармен қарым-қатынасқа, монополистерге шағымданды. Жер проблемалары өзекті болып қалады. Жағдайды пайдалана отырып, кездесуге қатысушылар облыс басшылығына өз сұрақтарын қойды.

«Әрине, бұл мәселелерді шешу керек. Бірақ Кәсіпкерлер палатасы бастамашы ғана болмауы керек. Фундаменталды әрекет ету керек – заңнаманы өзгерту және т.б. деңгейде шешімдер ұсыну керек. Әйтпесе, сол мәселелер жылдан жылға қалып отырады», – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Сонымен қатар, жеке сұрақтар да назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы облыстық кәсіпкерлік басқармасына мәселелерді шешуді тапсырды.

 

Барлық жаңалықтар