- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы құрылыс «Еурокод» жүйесіне ауысады
Қазақстандағы құрылыс «Еурокод» жүйесіне ауысады
«Жоспар бойынша 2017 жылы Еурокодқа ұқсас СП РК ЕN ұлттық қосымшалары мен нормативтік-техникалық жәрдем есебімен табиғи-климаттық карта және ел шекарасының сейсмикалық аймағы бойынша түзетулер қарастырылған», - делінген хабарламада.
Сауалға берілген жауапта жазылғандай, құрылыс саласының құқықтық базасын реформалау жөніндегі тұжырымдама алдыңғы қатарлы елдердің стандарттарымен үйлестіру жолдары арқылы нормативтік базаны дамытуды қарастырады. Еурокодтар құрылыс нормаларының егжей-тегжейлі кешені болып табылады, онымен Қазақстандағы барлық ұлттық құрылыс нормаларын айырбастауға болады деген пікір – осындай жаңсақ түсініктердің бірі.
«Бірінші кезеңде құрылыс саласының жаңа нормативтік актісі дайындалды. Ол 453 нормативтік-техникалық құжаттан тұрады, оның ішінде еуропалық стандартқа көшу, 58 тәртіпті біріктіру қарастырылған», - деп хабарлады комитетте.
Хабарлағандай, ұлттық қосымшаларда табиғаттық-климаттық сейсмикалық параметрлер мен жергілікті құрылыс материалдарының параметрлері ұсынды.
Еурокод үлгілік құжат ретінде құрылыс қызметінде тікелей қолдануға жарамсыз және Еуроодақтың әрбір елінде ұлттық бейімдеу процесінен өтуге тиіс. Осы процес нәтижесінде Еурокодтар «ұлттық өлшемдермен» бірге ұлттық қосымшалармен толықтырылады, ұлттық стандарт мәртебесіне ие болады және бейімдеген ел аумағында айналымға енгізіледі.
Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарында «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың тәжірибелік кезеңі басталды. Өз күшіне 59 заң енді. Ол экономиканы, елді дамытуға арналған құқықтық ортаны құрады. Мемлекеттің гүлденуіне құрылыс саласы да айтарлықтай үлесін қосып отыр, ол мақсаттылықты нық айқындап, елдің «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау бойынша бағыт-бағдар көрсетіп, жүзеге асырылуына септігін тигізуде.
Қайрат Жандыбаев
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары