- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзияның қорғаныс министрі Қазақстанмен ынтымақтастық жасау перспективаларын оң бағалады
Малайзияның қорғаныс министрі Қазақстанмен ынтымақтастық жасау перспективаларын оң бағалады
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатпен, еліміздің тәуелсіздік жылдарында жетілдірілген қорғаныс өнеркәсібінің негізгі бағыттарымен, оның экспорттық әлеуетімен таныстырып, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы шығаратын өнім туралы айтып берді.
«Х. Хусейн қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық перспективаларын оң бағалап, қазақстандық делегацияны 2017 жылғы 21-25 наурызда Малайзияда өтетін «LIMA 2017» авиация-ғарыш және әскери-теңіз техникасының 14-ші халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды», - делінген ведомство хабарламасында.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұлттық компаниялары арасындағы байланыстарды кеңейту, сондай-ақ тиісті шарт-құқықтық базаны қалыптастыру мүмкіндігі туралы келісті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі