- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмысының үшінші кезеңі басталды
Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмысының үшінші кезеңі басталды
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірлік штабтардың басшыларымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша семинар-кеңес өткізді.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы селекторлық режимде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары басшылығының сұрақтарына жауап берді.
«Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі бойынша нақты тапсырмалар қойды. ҚР Үкіметінің 3 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында МӘМС сәтті енгізуге барынша күш салу қажеттігі туралы нақты тапсырма берілген болатын. Осыған орай, алдымызда биылғы жылы толық дайындық жұмысын жүргізу міндеті тұр», – деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Бұдан бөлек, кеңеске қатысушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасына енгізілетін негізгі түзетулер туралы түсініктемелер берген болатын. МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының бірінші және екінші кезеңдерінде өңірлік штабтар жүргізген жұмысқа талдау жүргізілді. Өңірлердің есептері тыңдалып, үшінші кезең барысында АТЖ ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілді.
Кездесу соңында министр АТЖ-ға көрнекті қоғам қайраткерлерін, құрметті ақсақалдарды, қоғам пікірін қалыптастыратын адамдарды тарту туралы ұсыным берді.
«Мұндай тұрғындар барлық өңірлерде бар. Мен, менің орынбасарларым және құрылымдық бөлімшелердің басшылары да өңірлерге шығуды жоспарлап отырмыз. Біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында да және МӘМС жүйесінде де медициналық қызметтер көрсетудің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет», – деп қорытты Е. Біртанов.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі