- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: Шымкентте 64 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
«Нұрлы жол»: Шымкентте 64 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Облыс орталығында атқарылған жұмыстар жайын баяндаған шаһар басшысы қалада атқарылған жүйелі жұмыстар мен оңды өзгерістерді тілге тиек етіп, алдағы 2017 жылдың жұмыс жоспарын баяндады.
Оның мәлімдеуінше, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 327 млрд.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайызға, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 23 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 14 пайызға өскен.
Мәселен, «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде қалада 3 777 пәтерлі 64 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, есепті жылы 90 пәтерлі 2 коммуналдық, 216 пәтерлі жас отбасыларға арналған тұрғын үй мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және «Бәйтерек development» арқылы 996 пәтерлі 32 тұрғын үй пайдалануға берілген. Осылайша, 1 302 отбасы тұрғын үймен, 35 отбасы жатақханамен қамтасыз етілген.
Есепті кездесуде қала басшысы бөлінген бюджеттің басым бөлігі, қаланың инжнерлік жүйелеріне, осы саланы дамытуға бағытталғанын мәлім етті. Яғни, 52 жобаның құрылысына 20 млрд.теңге қаржы бөлініп, 27-сі пайдалануға берілген.
Тарқатып айтсақ, Ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 9 жобаның құрылысы жүргізіліп, 98 мың халқы бар 7 елді мекенде су құбырлары пайдалануға беріліп, таза суға қосылған халық саны 83 пайыздан 92 пайызға өсті.
Ал энергетика саласында 9 жобаның құрылысы жүргізіліп, 68 мың халқы бар 6 елді мекен электр желісіне қосылды. Нәтижесінде, қамтылған халық саны 84 пайыздан 88 пайызға өскен. Сондай-ақ, 30 мың халқы бар 4 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізсе, жылу сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен 8,6 км жылу құбырлары қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілген.
Есепті жиында жарыс сөзге шыққандар мен сауал жолдағандарды мұқият тыңдаған облыс басшысы көтерілген мәселелер рет-ретімен шешілетінін жеткізді.
«Қалада үлкен жұмыстар атқарылған. Бұл жұмыстардың өзі төрт бағыттан тұрады республикалық, облыстық, қалалық және аудандық. Осы бағыттағы жұмыстардың жүзеге асуына бір ғана қала әкімдігі емес, барша қала тұрғындары үлес қосты деп білемін. Біз барлығымыз еліміздің оның ішінде өңіріміздің дамуы жолында еңбек етіп келеміз. Кешегі Елбасының Үндеуі мен халыққа арнаған Жолдауы және Үкіметтің кеңейтілген отырысының да мақсаты осы. Ол елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу. Осы орайда, қала басшылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту керек. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер мен мақсаттарды Біз барлығымыз бірлесе жүзеге асырсақ сүйікті қаламызды заманауи мегаполиске айналдырамыз деп сенемін»,-деді әкім.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?