- Басты
- Жаңалықтар
- Әрбір қазақстандық Мемлекет басшысы Жолдауының міндеттерін іске асыруға белсенді қатысуы тиіс – ШҚО әкімі
Әрбір қазақстандық Мемлекет басшысы Жолдауының міндеттерін іске асыруға белсенді қатысуы тиіс – ШҚО әкімі
Д. Ахметовтың пікірі бойынша, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы Шығыс Қазақстан облысының дамуынан көрініс тапқан.
ШҚО әкімі технологиялық жаңғыру ғылыммен байланысты екенін атап өтті. Облыстың ірі кәсіпорындары Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп, 8 млрд теңгеге 10 ғылыми-зерттеу жобасын енгізу жұмысын бастаған.
«Бүгінде біз көптеген салаларда дамудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болып отырмыз. Оған мысал – стоматология мен авиацияда титанның пайдаланылуы. ҚР Президентінің бізге жаңа технологиялар мен инженерлік идеялар әкелетін әлемдік компаниялардың қажеттігі туралы ойы өзекті. Сондықтан жаңа ағымдарға сүйенетін дәстүрлі салалардың бәсекеге қабілеттілігі алдағы уақыттағы негізгі мәселе болмақ», – деді Д. Ахметов.
Әкім облысы ғылыми капиталды өсіру қажеттігі туралы айта келе, американдық футуролог Элвин Тоффлердің сөздерін мысал ретінде келтірді.
«Американдық футуролог 1990-шы жылдардың басында индустриялық даму кезеңінен кейінгі елдер басқа елдерге технологиялар трансфертін тоқтататынын айтқан болатын. Бұл шын мәнінде де солай. Бірде-бір ел цифрлық технологияларды басқа салаларға ауыстырмайды. Яғни, металлург даярлау үшін 4 жыл қажет, ал кибертехнология саласының маманын даярлау үшін ондаған жылдар қажет. Және осы жұмысшы аса қымбат. Бұл ең бастысы. Бүгінде кез келген ел өндірісті ауыстыру бойынша технологиялар трансфертін орындай алады, ал технологияны интеллектуалдық салаға ешкім бағыттамайды», – деді Д. Ахметов.
Облыс әкімі атап өткендей, экономиканың барлық салаларының бәсекеге қабілеттілігін және инновациялық құрамын арттыру бойынша едәуір жұмыс атқаруға тура келеді. Барлық мемлекеттік органдардың, қаржы және қоғамдық институттардың әрекеттерінің үйлестірілуі жұмыс тиімділігінің кепілі болып табылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары