- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев: Экономика дамуына жаңа индустрияны қосу керек
Б.Сағынтаев: Экономика дамуына жаңа индустрияны қосу керек
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев оқу орнына Назарбаев Университеттің Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асырудағы мүмкіндіктерімен танысу мақсатында барды.
Бақытжан Сағынтаев университеттің оқу зертханаларында болып, студенттердің ғылыми жобалар бойынша зерттеулер жүргізетін орындарының жағдайы мен ондағы жабдықтармен танысып шықты. НУ-дың Технопаркі мен оқу орнының айналасында белсенді түрде дамып жатқан «Astana Business Campus» инновациялық кластерін аралау барысында ол осында жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларының нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар, Премьер-Министр бизнес-инкубатордың, биотехнологиялық зертхананың және «Heart Stitch», физика және аккумуляторлар институты зертханаларының жұмысымен танысты.
Кейін ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Назарбаев Университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Президентінің алға қойған міндеттерін атқарудағы оқу орнының рөлі туралы айтылды.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметтің алдына жаңа міндеттер қойды – экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан қоры бай саналатын шикізаттың құны соңғы екі-үш жылда өте төменгі деңгейде, және ол бізге жеткілікті экономика өсімін бермейді. Дегенмен, еліміздің міндеті 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру және осы ТОП-қа кіру үшін бізде жыл сайын 5% өсім болуы шарт. Осыған орай біз жаңа индустрияны қосып, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз қажет», - деді Б. Сағынтаев.
Айта кетейік, ҚР Президенті өз Жолдауында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту экономиканың өзге салаларының да дамуына түрткі болатынын айтып өтті. Осы орайда ол негізінде жаңа, перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Президент барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды шоғырландыру қажеттігін айтты.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді