- Басты
- Жаңалықтар
- Чехия ЭКСПО-2017 көрмесінде озық технологияларын ұсынбақ
Чехия ЭКСПО-2017 көрмесінде озық технологияларын ұсынбақ
ЭКСПО нысандарын аралағаннан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен Чехия Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы Ян Гамачектің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. А. Есімов қазіргі уақытта 115 ел және 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растағанын, көрменің халықаралық қатысушыларына павильондарды беру процесі белсенді түрде жүріп жатқанын мәлімдеді.
Я. Гамачек жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаушы ел ретінде Чехияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Чех делегациясы өз сапарын ЭКСПО көрмесінде болуымен аяқтады, бұл Чехияның алдағы көрмеге қаншалықты көңіл бөлетінін көрсетеді. Бүгін осы көрмеге дайындық барысымен таныса отырып, оның ең жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз», – деді Я. Гамачек.
Палата төрағасы көрменің ашылуына Чехияның Президенті қатысатынын және елдің ең озық технологиялары таныстырылатынын мәлімдеді.
Кездесу соңында Парламент депутаттары биылғы жылғы 15 шілдеде көрме уақытында өтетін Чех Республикасының Ұлттық күнін өткізуге қатысатынын айтты.
-
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева -
Тоқаев: Еріктілер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті -
Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі -
Шет мемлекеттер карантин шараларын күшейтуде. Қазақстан да қатаң режимдегі карантин енгізуі мүмкін -
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізетін кәсіпорындар экологиялық төлемдерден босатылады -
Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде 153 кәсіпорын өз өнімін ұсынады -
Қазақстанда қалдықтарды тиімді басқарудың озық үлгісі енгізіледі -
Қазақстанның энергетикалық секторы озық технологиялар ұстанымына қалай көшеді? -
ДЖБ: Озық 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан өнімділікті арттыру бағытын ұстануы керек