Астана қаласының шекарасы өзгертілді

7 Ақпан, 2017 18:32
Мемлекет басшысының Жарлығымен Астана қаласының шекарасы өзгертілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар  Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып  өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Барлық жаңалықтар