- Басты
- Жаңалықтар
- Әрбір өңірдің ел экономикасына қосқан үлесі маңызды - депутаттар
Әрбір өңірдің ел экономикасына қосқан үлесі маңызды - депутаттар
Жүздесуде билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Елбасының үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын халыққа түсіндіру тұрғысында жан-жақты әңгіме болды. Сенатор Қ.Ищанов Мемлекет басшысының Жолдауындағы ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, жерді тиімді пайдалану, субсидия бөлу, саланы әртараптандыруға қатысты алға қойған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, стратегиялық маңызды құжаттағы бес басымдықты іске асыру, билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу мәселелері жайында әңгіме болды. Парламенттің заң шығару қызметі туралы жұртшылықты хабардар еткен сенатор конституциялық реформалар жөніндегі ұсыныстарды сарапқа салу және оны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету қажеттігі туралы ойларын ортаға салды. Сенаторлар Индер ауданындағы Көктоғай ауылында да болды. Депутат С. Еңсегенов «Қазір заман өзгерді, қоғам жаңарды. Соған байланысты қазақ елі де бұрынғы жүйемен қалмай, жаңа бағытқа бет бұруы керек.
Елбасының халыққа арнаған Үндеуінде осы мәселеге баса мән берілді», - деді. Сенатор Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік билік тармақтары жұмыстарының нәтижелілігі мен тиімділігін, тепе-теңдігі мен жауапкершілігін арттыратынына сенім білдірді. Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында аудан активімен болған кездесуде аудан әкімінің есебі тыңдалды. Жүздесуде сенатор Қ.Ищанов Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерге жан-жақты тоқталды. Сенаторлар Қамысқала ауылдық округіндегі Хамит Ерғалиев ауылының тұрғындарымен және Махамбет ауданындағы «Первомайский» серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесулер барысында ауыл еңбеккерлері Елбасының Жолдауы мен үндеуін қолдайтындарын жеткізді, сондай-ақ аграрлық саланы дамытуға байланысты өз ұсыныстарын айтып, сауалдар қойды.
Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс бабындағы сапары барысында Сарыағаш ауданында болды.
Сенатор Сарыағаш қаласында аудан активімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, ауыл тұрғындары және жастармен кездесті. Жүздесуде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауы мен конституциялық реформаларды түсіндіру және насихаттау жөнінде жан-жақты әңгіме өрбіді. Жолдаудағы бес негізгі басымдыққа тоқталған сенатор еліміздің экономикасын өркендетуде әр өңірдің маңызы бар екенін ерекше атап өтті. Стратегиялық құжатта Елбасы алға қойған міндеттер аясында 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену үшін экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға арттыру және шикізаттық емес экспортты дамыту қажеттілігі айтылды. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Полат Тұрсынбаев аудан көлемінде Президенттің халыққа Жолдауы мен үндеуін түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатқанын айтып өтті. «Жас Отан» жастар қанаты Сарыағаш аудандық бөлімшесінің төрағасы, Сарыағаш аудандық жастар орталығының инспекторы Нұрғали Отаров Жолдауда айтылған мақсат пен міндеттердің жастарға қатысты тұстарына тоқтала келіп, қойылған міндеттердің жауапты екенін және жастарға зор үміт артылғанын жеткізді. Жиын соңында аудан халқы Елбасының халыққа Жолдауына қатысты сұрақтар қойып, стратегиялық құжатты бірауыздан қолдайтындарын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді