Атырауда мұнай-газ саласы бойынша Қазақстандық-британдық форум өтті

13 Желтоқсан, 2013 16:08
Атырау қаласында британдық және қазақстандық компаниялар арасында серіктестік орнатуға ықпал жасауға арналған Қазақстандық - Британдық Форумын өткізу туралы хабарлайды, деп «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі “NADLoC” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық - Британдық Форум британдық іскерлік ортаның ерекше назарын аударды. Ұлыбританияның шамамен 30 компаниясы және Қазақстанның 50 компаниясы оның қатысушылары болды», - делінген хабарламада.

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлей отырып, «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoС» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.А. Бектүргенев Қазақстанның импортты өнім сатып алу қажеттілігі және импортты алмастыратын өнімдер өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құрудағы міндеттері туралы айтты.

«Осыған орай, бүгінгі іс-шараға қатысушы британдық өндіруші компанияға жер қойнауын пайдаланушылардың үлкен көлемде шетелден сатып алатын Қазақстанда импорты алмастыратын тауарлар өндірісі бойынша серіктестікті игерудің келешегі бар.
Мұнайгаз және кен-металлургиялық машинажасаудың бірлескен британдық-қазақстандық өнімі күмәнсіз сұранысқа ие болатын болады, өйткені Қазақстанда шикізатты игерудің өсіп келе жатқан масштабымен қатар осы өнімге қажеттілік те өсіп келеді. Біз қосылған құнның толық технологиялық және экономикалық тізбегімен бәсекеге қабілетті өндірістер құруға қызығушылық танытып отырмыз» - деді Бектүргенев.

Форумды өткізу барысында екі жақсы келіссөздер, делегаттардың кездесулері және «Теңізшевройл», «NCPOC», «Қарашығанақ Петролиум» жобаларын таныстыру өткізілді, сондай-ақ жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. 
 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар