- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 700-ге жуық ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтар кооперативтерге біріктірілді
Жамбыл облысында 700-ге жуық ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтар кооперативтерге біріктірілді
«Сонымен қатар, облыста сүт кластері бойынша 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, құрамына 57 шаруашылық біріккен. Сондай-ақ, егін шаруашылығы бағытында 36 кооперативінің құрамына 631 шаруашылық біріксе, мал шаруашылығы бағытында 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрамына 68 шаруашылық біріккен», - делінген хабарламада.
«Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану есебінен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу» жоспары бойынша облыста сүт бағытында 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 50 жеке қосалқы шаруашылық мүшелікке тіркелсе, ет бағытында 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 116 жеке қосалқы шаруашылық бірікті.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 40- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 6-ы жеке қосалқы шаруашылықты біріктіру арқылы ет, сүт, көкөніс, құс шаруашылығы өсіру бағытындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру.
Осы орайда, жеке жоспарға сәйкес аудандарда ұсақ шаруашылықтарды жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес, ұсақ кооперативтер құрылымдарына біріктіру жұмыстарын жандандыру мақсатында ағымдағы жылы «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институты» мамандарымен бірлесе отырып агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында құрылған кооперативтерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге және Шу ауданында көтерме-сауда орталығын ашуға жергілікті бюджеттен 16,7 млн. теңге қаражат қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы