• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар өз мүмкіндіктерін елді дамытуға жұмсаулары керек – Сәдуақасова

Қазақстандықтар өз мүмкіндіктерін елді дамытуға жұмсаулары керек – Сәдуақасова

7 Ақпан, 2017 13:48
Қазақстандықтар өз мүмкіндіктерін елді дамытуға жұмсаулары керек. Бұл туралы қазақстандық шахматист, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова жас қазақстандықтардың атынан Жолдаудың негіз қалаушы құжат ретіндегі маңызы туралы өз пікірінде айтты.

«Біз өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізді Қазақстанның дамуына жұмсауымыз қажет. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент даму басымдылықтарының бірі ретінде адам капиталы сапасының жақсаруын айтып кетті. Бұл жерде негізгі роль білім беру жүйесінің өзгеруіне артылады», - деді ол.  

Оның айтуынша,  білім беруді экономикалық өсудің жаңа үлгісінің орталық буынына айналдыру бойынша міндет қойылды. Оқу бағдарламалары баланың сыни ой-санасы мен ақпаратты өз бетімен іздеу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталуы тиіс. Бұл жерде, менің пікірімше, шахматтың маңызы ерекше зор.

«Шахматтар мақсат қойып, оған жету мен жеңуге үйретеді», - деп пікірін білдірді Д. Сәдуақасова.

Барлық жаңалықтар