- Басты
- Жаңалықтар
- БҒМ мектептерде демеушілер қаражатын қолдану тәртібін әзірлейді
БҒМ мектептерде демеушілер қаражатын қолдану тәртібін әзірлейді
«Біріншіден, оқушыны жеке заттары мен спорт киімін қоятын жеке сөресімен қамту керек. Бұл әлемдік тәжірибе. Әрбір оқушы, асылында, өзінің сөресіне ие болуы керек. Біз биылғы жылы төменгі сыныптарды жергілікті атқарушы органдардың қаражатына қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Екінші – оқушылардың барлығын сапалы ауыз сумен қамту. Қалалық мектептерде сүзгіш пен субұрқақ қою жоспарланып отыр. Ауылдық мектептерде 2017 жылғы бюджеттік өтінім оқушылардың 50 пайызын ауыз сумен қамтуға байланысты болып отыр», - деді Е.Сағадиев.
Ол айтып өткендей, білім беру мекемелерінде демеушілік қаражатты жұмсау бойынша тәртіп орнату көзделген.
«Ол үшін біз демеушілік қаражатты жұмсайтын арнайы тәртіп әзірлейміз. Бұндай жүйесі жоқ мектептер демеушілік қаражатты мектеп басшылығының арнайы есебі арқылы қадағалайтын болады. Қазір бұл жүйе ЖОО-ларда жүзеге асырылуда», - деді Е.Сағадиев.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында министр елдегі мектептерді интернет желісіне қосып, әрбір сыныпта Wi-Fi желісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
«Біз Қазақстан мектептерінде кабельдік жүйені орнату бойынша ауқымды жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл істі жүзеге асыру үшін студенттерді тартуды жоспарлап отырмыз. Қондырғыны жергілікті атқарушы органдар сатып алулары керек», - деді Е.Сағадиев.
Ол айтып өткендей, балабақшалардағы кезекті реттеу қажет.
«Біз кезекті автоматтандыру бойынша кезеңдік жоспарды әзірлейміз. Ол электрондық үкімет пен электрондық әкімдік базасы жүйесінде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Біздің мақсатымыз – балабақшаға қабылдау кезіндегі кез келген жемқорлықты жою», - деді ол.
«Министрліктің барлық ағымдағы жұмыстары оның ішінде, ҰБТ форматы, базалық электрондық оқулықтар, қағаз есептілігін жою, ұстаздарды мематтестаттау дың жаңа жүйесі, спорттық инфрақұрылымды дамыту жоспары, жаңа санитарлық нормалар министрліктің жұмыс жоспарына еніп, БАҚ-та жарияланады», - деді Қ.Жандыбаев.
Қайрат Жандыбаев
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатынан 9 миллиардтан астам теңгені үнемдеді -
Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия беру тәртібіне қандай өзгерістер енгізілді -
Бюджет қаражатын ұрлау және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шаралары қалай жүріп жатыр -
Мәжіліс отырысы: әншілердің фонограмма қолдануына шектеу қоятын Заң жобасы мақұлданды -
Дағдарыс кезінде жоғары бiлiм беруді дамыту. БҒМ жоспары қандай -
Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын толық игермеген мемлекеттік органдарды атады -
С.Айдосов: Коронавируспен күресте Еуропа елдері отандық тәжірибені қолдануда