- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 2,5 пайызға жоспарланып отыр
Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 2,5 пайызға жоспарланып отыр
«Өсімдік шаруашылығы бойынша майлы, жемдік және басқа да сұранысқа ие дақылдардың егіс алқабын 540 мың га (8,2-ден 8,7 млн. га) арттыру жоспарлануда.Сумен қамтамасыз етілген алқаптар аумағын арттыру жөніндегі екінші міндеттің аясында Ислам Даму Банкінің атсалысуымен ирригация мен дренаждарды қайта қалпына келтіру жобасы қолға алынуда. Мұның нәтижесінде 15 мың га тұрақты суару аумағы пайда болады.Айталық, 7 апатты жағдайдағы су қоймасы мен гидротехникалық құрылыстың реконструкциясы бітеді. Бұл 12 мың га суармалы жерлердің сумен қамтылуы жағдайын жақсартады», - деді А.Мырзахметов.
Ол айтып өткендей, үшінші міндет кооперацияны дамыту болып саналады.
«Ағымдағы жылы 176 кооператив құру жоспарлануда. Олар өз қызметі аясына 16 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды тартады деп күтілуде.Сондай-ақ, бұл қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімін арттырады. Атап айтқанда, сүт – 170 мың тонна (57-ден 65%), ет – 12мың тонна (54-тен 58%), өсімдік майы – 20 мың тонна (30-дан 31%), қант қызылшасының қанты – 16 мың тонна (37-ден 50%).Аталған шаралар импортқа тәуелділіктің төмендеуіне жол ашады», - деді А.Мырзахметов.
Қайрат Жандыбаев
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді