- Басты
- Жаңалықтар
- ҰЭМ 2017 жылы 9 негізгі бағыт бойынша 140 іс-шара жоспарлаған – Сүлейменов
ҰЭМ 2017 жылы 9 негізгі бағыт бойынша 140 іс-шара жоспарлаған – Сүлейменов
Министр хабарлағандай, 9 негізгі бағыт бойынша 140 іс-шара жоспарланған, олардың арасында ЖІӨ өсімінің жоспарланған қарқынына қол жеткізу, бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және халық табысын көтеру, адами капитал сапасын арттыру бойынша реформаларды тереңдету және басқалары бар.
«Бюджеттің теңдестірілуін қамтамасыз етуді арттыру мақсатында ақпанда әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2017 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері қайта қаралатын болады», - деп мәлімдеді Т. Сүлейменов.
Сондай-ақ министр өңдеу саласын тиімді дамыту және қазақстандық өнім экспортын ілгерілету үшін институционалдық негіз жасау мақсатында, мамырда министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республика экспортының өсуін қамтамасыз ету және әртараптандыру үшін Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясы тұжырымдамасын әзірлейтінін хабарлады.
«Экспорт географиясын кеңейту және қолжетімділік шарттарын жақсарту үшін бірінші жартыжылдық ішінде біз бірқатар елдермен (Иран, Израиль, Үндістан, Египет, Сингапур, Сербия және т.б.) еркін сауда туралы, сондай-ақ ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасау жөніндегі келіссөздерді жалғастырамыз», - деді Т. Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол 2018 жылға дейін жекешелендіруге жататын нысандардың нақты тізбесін бекіту жөніндегі Үкімет шешімінің жобасы 1 наурызға дейін әзірленетінін де атап өтті.
«1 наурызға дейін мемлекеттік меншікте және квазимемлекеттік секторда қалатын нысандардың толық тізбесі дайындалады. Көрсетілген тізбелерге кірмейтін нысандар yellow page rules қағидаттарына сәйкес келмейтін нысандар ретінде таратылатын болады», - деді Т. Сүлейменов.
Бұдан бөлек, ол өңірлік деңгейде МЖӘ жандандыру үшін сараптамадан МЖӘ келісімшартын жасауға дейінгі мерзімді 4-6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін шаралар қабылданатынын айтты.
«Инвесторларды тарту үшін маусымда барлық республикалық және жергілікті МЖӘ жобалары бойынша Бірыңғай ақпараттық база құрылады. Нәтижесінде, бір жыл ішінде МЖӘ бойынша конкурсқа 54 жоба енгізілетін болады. Қаңтарда ҰЭМ бұйрықтарымен қалалардағы несиелендіру/шағын несиелендіру, қалаларда шағын несие ұйымдары мен ЕДБ беретін шағын несиелер бойынша кепілдендіру және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары бекітілді. Наурызда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан ықтимал кәсіпкерлерді оқыту бағдарламасы іске қосылатын болады», - деді Т. Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру бойынша ұлттық жол картасы әзірленетінін және биылғы жылы Қазақстанның ЭЫДҰ 29 комитетімен ЭЫДҰ 13 құқықтық құралына қосылуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама аясында жұмысты үйлестіру жалғасатынын атап өтті.
Қайрат Жандыбаев
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары