• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Жолдауы уақыт талабына сай және өзекті мәселелерді қамтыған – әкім

Елбасы Жолдауы уақыт талабына сай және өзекті мәселелерді қамтыған – әкім

7 Ақпан, 2017 10:57
Елбасы Жолдауы уақыт талабына сай және өзекті мәселелерді қамтыған, деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттары мен негізгі міндеттерін облыс тұрғындарына жүйелі түсіндіру және жүзеге асыру туралы актив кеңесі барысында.

Өңір басшысы Алик Айдарбаев өзінің баяндамасында Жолдаудағы Елбасының айқындап берген 5 негізгі бағытына тоқталып, оны жүзеге асыру бойынша қабылданатын тиісті шаралар мен жоспарларға тоқталып өтті.

«Жолдаудың біздің еліміз үшін тарихи маңызы ерекше. Бұл бағдарламалық құжат нағыз уақыт рухын сезіндіріп, бүгінгі күні әрқайсымызды толғандырған мәселелерді алдымызға алып шықты. Біздің ендігі мәртебелі де жауапты міндетіміз – ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктерімізді сақтай отырып, әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Осы бағытта барлығымыз ауызбіршілікте аянбай қызмет етейік», - деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов депутаттық корпустың атқаратын негізгі жұмыстарын атап өтті. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Халила Нұрғалиева партия белсенділері мен жергілікті кәсіпкерлердің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері туралы баяндады.

 

Барлық жаңалықтар