- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда тәулігіне 75 тонна өнім шығаратын жаңа нан зауыты іске қосылды
Қарағандыда тәулігіне 75 тонна өнім шығаратын жаңа нан зауыты іске қосылды
Кәсіпорын рекордты қысқа мерзімнің ішінде салынып бітті. Өткен сенбіде, 4 ақпан күні кәсіпорын салтанатты түрде ашылды.
«Бүгін Қарағанды облысында тағы да бір жаңа зауыт ашылып отыр. «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС нан зауыты Қазақстанның индустриялды және инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Жоба Индустриаландыру картасына енгізілді және әлемдік стандарттарға сай. Қуаттылығы – тәулігіне 70 тоннадан астам өнімді құрайды. Кәсіпорында 500 жаңа жұмыс орны ашылды», –деді Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев.
Облыс әкімі хабарлағандай, жаңа зауытқа 3 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Жоба «Бәйтерек» ҚР ұлттық қоры, «Цеснабанк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры сияқты қаржы институттарының қолдауымен іске асырылды.
Нан зауытының құрылысы барысында тек отандық материалдар мен конструкциялар ғана пайдаланылды. Ал қондырғылардың барлығы импорттық, Германия, Италия, Словения және басқа да еуропалық мемлекеттерден әкелінген.
«Кәсіпорында нан пісіру саласындағы заманауи технологиялар енгізілген. Қондырғылар мен кешенді шешімдер – бұл қазақстандық өндіруші мен белгілі әлемдік компаниялардың әріптестік қарым-қатынасының нәтижесі. Мұнда назарларыңызға ұсынылған желілер соңғы уақыттағы ТМД-дағы осы саладағы ең көп инвестициялардың бірі болып табылады. «Сарыарқа-Нан» бүгінде ТМД-дағы ең заманауи және Еуропа мен Азиядағы ең үздік нан зауыттарының бірі болып табылады», –деді кәсіпорынның ашылуында Gostol словениялық компанияның бас директоры Матьяж Компара.
Инвестор, бизнесмен Ерлан Нығматулин жобаны жасаушылардың бәріне – құрылысшыларға, шетелдік жабдықтаушыларға және кәсіпорынның ұжымына алғысын білдірді.
Зауыт 45 өнім түрімен өз жұмысын бастайды. Жаңа өнімдер де бар, мысалы, «Мәрмәр» наны. Алдағы уақытта ай сайын 3-4 жаңа аталымнан қосып отыру көзделген. Кәсіпорынның қуаттылығы – тәулігіне 75 тонна нан және нан-тоқаш өнімі, 3 тонна кондитерлік өнім.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды