• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаты Алматы қаласының студенттеріне Жолдаудың бес басымдығын түсіндірді

Мәжіліс депутаты Алматы қаласының студенттеріне Жолдаудың бес басымдығын түсіндірді

6 Ақпан, 2017 19:31
Алматыдағы әл-Фараби атындаы ҚазҰУ-нң Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева мен Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қызметкерлерімен және Бостандық ауданының студенттік жастарымен кездесу өткізді.

Онда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау мен  Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформалар Үндеуін талқылады.

Мәжіліс хабарлағандай, отырыста сөз сөйлеген ҚР Парламенті Парламенті Мәжілісі вице-спикері Гүлмира Исимбаева Жолдаудың мән-маңызы мен ерекшелігін айта келіп, бұл құжатта оқу процестеріне IT-білімді енгізу, жаңа индустрияны енгізуде цифрлық технологияны қолдану, қаржылық біліктілікті көтеру, үштілділікті дамыту, тұрғындардың сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылғанын талдап берді. Бүкіләлемдік  дағдарыс  жағдайында мемлекеттің  уақыт  талабына сай   дамудың 5 бағытын жан-жақты түсіндірді.

Елбасының Жолдауында белгіленген идеяларды жүзеге асыру барысындағы нақты шараларды нұротандықтар қазірдің өзінде бастап кетті.

Депутатар мен жастар жүздесіне  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетнің деканы Дәулет Байдильдинов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар  ісі жөніндегі Комитетінің  басшысы Айсұлу Ерниязова қатысты.

Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық  университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастарымен де кездесті.

Жиын барысында, өзі де ұстаздарға ұстаз болған ұлағатты басшы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды талдай келе,  Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту – білім беру, денсаулық, әлеуметтік қамтамасыз ету саласының маңызына айырықша тоқталды

 

Барлық жаңалықтар