- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан отандық өнімнің өтім нарығын кеңейтуі керек – Күшікова (ВИДЕО)
Қазақстан отандық өнімнің өтім нарығын кеңейтуі керек – Күшікова (ВИДЕО)
«Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстан отандық өнімнің өтім нарығын кеңейтуге ерекше назар аударды. Қазақстандық өнеркәсіптің негізгі дамуы бәсекеге қабілетті ету және жаңғырту болып табылады. Ол үшін өзге елдердің нарығына рұқсат алып, еркін сауда аймағын құру бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу керек», - деді Ж.Күшікова.
Сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры айтып өткендей, Еуразиялық одақ пен Вьетнам арасында еркін сауда туралы келісім өткен жылдың қазан айында өз күшіне енді.
«Біз вьетнам нарығына шығу рұқсатын алдық, кейбір тауарлар бойынша өзара сауда кезінде импорттық кедендік баж салығы алынды. ЕАЭО елдерінің әсерлі тауарлары бойынша ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифі деңгейінде тауарлардың баж салығын сақтап қалу қарастырылған. Аталмыш келісім ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы сауда байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Израиль, Үндістан, Иран, Қытай және Сингапурмен келісімдер орнатылды.
«Біз үшін ең перспективалы нарық ол Иран. Көптеген елдер өзара ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіреді. Қазір Иран нарығына рұқсат алу үшін келісімдер жүргізіп жатырмыз. Олар да біздің нарықта басымдыққа ие болады. Бұл Қазақстанда дайындалатын тауарлардың аталмыш ел нарығына кедергісіз кіруді қарастырады», - деді Ж.Күшікова.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Кенжетай Ақсейтов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»