- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда Мәжіліс депутаттары ҚР Президентінің Жолдауын талқылады
Павлодарда Мәжіліс депутаттары ҚР Президентінің Жолдауын талқылады
Палатада хабарлағандай, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен Қазақстан халқына Жолдауын талқыланды.
Отырыс модераторы, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко өз сөзінде Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларының аса маңыздылығын атап өтті.
Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев жиынға қатысушыларға Президент бастамаларының басым бағыттарын түсіндіріп, павлодарлықтардың жиі қоятын сауалдарын санамалап берді.
«Қазір бұл құжаттарды талқылау белсенді түрде жүріп жатыр. Айдың соңына дейін барлық ұсыныстарды тыңдауымыз керек. Билік өкілеттіктерінің бөлісінен кейін оларды теріс пайдаланушылықтар қылаң бермей ме деп сұрайды кейбір адамдар. Бұған айтарым, Парламент пен Үкімет өкілеттіктері өте нақты, әрі анық жазылған. Сондықтан ешбір теріс пайдаланушылықтар мүмкін емес», - деп жауап қайырды Мәжіліс депутаты.
Сонымен бірге, халық қалаулылары партияның облыстық филиалында азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдап, онда қарапайым павлодарлықтардың мұң-мұқтаждарымен танысты. Мәселен, «RedZone» ҚБ төрағасы Константин Музалевский В санатындағы жүргізушілердің автомектептерде міндетті оқытылуы жөнінде сауал қозғады. Оның сөзіне қарағанда, бұл жол жүрудің қауіпсіздігі мен мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Мәжіліс депутаттары қоғам белсендісіне бұл мәселені парламенттік комиссиялар отырыстарында талқылауға уәде берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары