- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында макарон өндіретін цех іске қосылды
Жамбыл облысында макарон өндіретін цех іске қосылды
Серіктестік жанынан жаңадан «Рола-Ян» кәсіпорнының ашылуы соның бір айғағындай. Қытайлық инвестор Сяо Хонвейдің 288 миллион теңге инвестиция салуының нәтижесінде аталмыш кәсіпорын «DL-650X» қондырғысымен жарақтандырылып отыр. Осы заманауи технология алты түрлі ұзын кеспені жасап шығаруға мүмкіндік береді. Ол өзімізде өндірілетін ұн, тұз, жұмыртқа секілді отандық өнімдерден даярланады.
Жоба 2015–2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
«Жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы екі жаңғыру кезеңінен абыройлы өтіп, үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басқанымызды айтып, Үкімет пен облыс басшыларына экономикалық дамудың жаңа модельдерін құруды тапсырды. Бұл жаңа жобалардың жүзеге асуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді. Өңірімізде таяу жылдарда 35 жоба жүзеге асып, 5500 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Ал биылдың өзінде 12 жоба жүзеге асуы тиіс. Міне, сол көзделген жобаның алғашқысы осы – «Рола-Ян» кәсіпорны болып отыр. Жаңа нысан құтты болсын. Осындағы басшылар мен жұмысшыларға табыс тілеймін!», – деді облыс әкімінің орынбасары Т. Жанке.
Мұнда тәулігіне 30 тонна өнім өндіруге мүмкіндік бар. Әзірге күн сайын 25 тонна ұн кеспесі дайындалуда. Өнімдерге еліміздің барлық аймағынан және Ресей, Қытай, Өзбекстаннан да сұраныс бар екен. Тіпті, көршілес қырғыз бауырларымыз да бұл өнімді тұтынуға ықыласты. Кәсіпорынның болашағы өте зор.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр