- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы ШҚО тұрғындарының 60%-ға жуығы скринингтік тексеруден өткен
2016 жылы ШҚО тұрғындарының 60%-ға жуығы скринингтік тексеруден өткен
«Ересектерден басқа 18 жасқа дейінгі 31 885 бала қаралған, олардың ішінде әр түрлі аурулармен ауыратын 28 313 адамның аурулары ерте кезеңде анықталған, 11 116 науқас диспансерлік есепке алынған, ал 12 407 науқас толық емделіп шыққан», – деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова айтып өткендей, ауруларды емдеуден олардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларға көшуге баса назар аударылады.
«Облыс тұрғындары қазіргі уақытта скринингтерге белсенді түрде қатысуда. Көпшілігі одан бас тартпай, өздерінің денсаулығы үшін барлық кезеңнен өту қажеттігін түсінеді. Президенттің Жолдауы тұрғысынан біз осы бағыттағы жұмысты күшейтеміз», – деп атап өтті Р. Сафиоллинова.
Айта кету керек, 2014 жылдан бастап қауіпті ісік ауруларының жоғары деңгейін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының 65 жастан жоғары тұрғындарына арналған скринингтік бағдарлама енгізілген болатын, оның барысында 124 мыңнан астам адам тексеріп-қаралған.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар