- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда
Сенаторлар өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда
Парламент Сенатының депутаттары Серік Нұрғалиев және Жеңіс Бектұрғанов Қостанай облысындағы жұмыс сапарлары барысында аймақтың сот корпусымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру барысындағы барлық деңгейдегі сот қызметкерлерінің міндеттері талқыланды.
Сондай-ақ, кездесуде еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар да егжей-тегжейлі қаралып, талқыланды. Сенаторлар өз сөздерінде алдағы биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының рөлін нығайту, саяси жүйені одан әрі демократияландыру және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жаңғырту туралы әңгімеледі.
Осыған байланысты, Парламент бірқатар заңдар қабылдайтын болады және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Кездесу барысында әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесіне, сондай-ақ сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру шараларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова Орал қаласында жұмыс бабындағы сапармен болды. Сенатор Батыс Қазақстан облыстық сотында судьялар корпусымен және аппарат қызметкерлерімен кездесті. Шара барысында Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелері мен Президент, Үкімет және Парламент арасында билік өкілеттіктерін қайта бөлу мақсатында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мәселелері талқыланды.
Б. Әйтімова алдағы реформалар заң үстемдігі мен баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
«Парламент рөлінің күшеюі, саяси жүйенің барынша демократияландыру, басқарудың тиімді және әділетті жүйесі қазіргі қоғамның биік мақсаттары. Сонымен бірге Парламент пен Үкімет жауапкершілігін күшейту мәселелері заңдарға тиісті өзгерістер енгізуді талап етеді, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған заң жобалары бойынша ауқымды жұмыстар бар», - деді депутат. Судьяларға арнаған сөзінде Б. Әйтімова Мемлекет басшысы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылықтарға санкцияларды азайту, қоғамға жоғары дәрежеде қатер төндірмейтін қылмыстардың экономикалық құрамын қылмыстан арылту жұмыстарын жүргізу міндетін қойғанын атап өтті.
Сот жүйесіне сенімді арттыруға, судьялар қызметіне заңсыз ықпал ететін кез-келген әрекетке тосқауыл қоюға қол жеткізу керек. Сенатор Б. Әйтімова Қадыр Мырза Әлі атындағы Өнер орталығындағы Орал өңірінің мәдениет қызметкерлерімен кездесуінде конституциялық реформалар, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауындағы бастамалар жан-жақты әңгіме болды. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары демократиялық жаңарулармен қатар, білім беру саласын реформалау, тілдерді оқыту, бизнесті қорғау мен сандық технологияларды игеру мәселелеріне ықылас білдірді. Шараға қатысушылар дамудың жаңа бағдарламасын талқылау мен іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық және саяси өміріне жұртшылықтың белсенді қатысуының маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Өңірлерде санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда -
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда -
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу -
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті